Қазақстанға кәсіпкерлік ортаны дамыту қажет - сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға кәсіпкерлік ортаны дамыту қажет - сарапшылар

Қазақстанға кәсіпкерлік ортаны дамыту қажет - сарапшылар

Халықаралық сарапшылар Қазақстанға экономиканы одан әрі дамыту үшін кәсіпкерлік ортаны дамытуға және бәсекелестік қабілетті арттыруға баса назар аударуға кеңес береді. Бұл туралы сарапшылар бүгін, 11-қазанда "Қазақстан-2030 стратегиясы іске асырылуда" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік бас қосуда пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 545
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, Гарвард университетінің бизнес-мектебінің профессоры Кристиан Кетелстің сөзіне жүгінсек, «сарапшылар Қазақстанның кейбір осал тұстары мен ырық бермейтін артықшылықтарын көріп отыр». «Қазақстандық компаниялар кәсіпкерлік орта, бизнесті жүргізу және жұмыс үйлесімділігі тұрғысынан кемшін түседі. Ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін рыноыктың ашықтығын қамтамасыз ету және жергілікті деңгейде бәсекелестікті өрістету бағытында жұмыс істеуі қажет»,- деді ол.
«Бұл елде экономикалық іс-қызметпен , кәсіпкерлікпен шұғылданғысы келетіндер біртұтас кәсіпкерлік орта қалыптастыруы қажет. Мейлінше ашық әрі әділетті бәсекелестік белең алуы тиіс»,- деді К.Кетелс. Ішкі рынок аясының салыстырмалы түрде тарлығы Қазақстанды басқа елдерден кейінге ысыратын фактордың бірі, деді ол. «Сіздер барлық сала бойынша ішкі рыноктағы бәсекелестікті өрістетулеріңіз қажет»,- деді сарапшы.
Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілі Айрин Миа Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру қажет деген пікірге қосылады. «Бизнес-қоғамдастықтың пайым-түсінігіне назар аудару қажет»,- деді ол. Сауалнама нәтижесінде «қазақстандық кәсіпкерлер тап келетін басты қиындықтар — салық ауыртпалығы, сыбайлас жемқорлық, төрешілдік, жұмысшылардың сауатсыздығы» екені анықталды, деді А.Миа. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы аталған түйткілдерді шешуге баса көңіл бөлу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта