С.Дүйсеновтың хабарлауынша, Алматы облысы Ащыбұлақ ауылының 47 жастағы тұрғыны 11-қазанда Алматы қаласы Алмалы ауданындағы бір қонақ үйде қолға түсті. Тәртіп сақшылары тұтқыннан номиналы 100 долларлық 105 жасанды купюраны тәркіледі. С.Дүйсеновтың айтуынша, қағаз ақшалар айрықша сапалы жасалған. Ол «жасанды долларлар Қазақстан аумағынан тысқары жерде жасалған» деп пайымдайды. Қазір тәртіп сақшылары «ақшаның пайда болу көзін» анықтауға тырысуда.
Тұтқын уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық с қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті