Банктердің Қазақстан экономикасына құйған несиелерінің көлемі тамызда 3,2 процентке өсіп, 2 трлн. теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің Қазақстан экономикасына құйған несиелерінің көлемі тамызда 3,2 процентке өсіп, 2 трлн. теңгеге жетті

Банктердің Қазақстан экономикасына құйған несиелерінің көлемі тамызда 3,2 процентке өсіп, 2 трлн. теңгеге жетті

Банк несиелері бойынша ел экономикасындағы негізгі борыштың жалпы көлемі 2005 жылғы тамызда 3,2% көбейіп, 2037,0 млрд. теңге болды,- деп хабарлайды кт тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

  • 12 Қазан 2005
  • 593
Фото - Caravan.kz



Ұлттық валютадағы несиелер бір айда 3,8% көбейіп, 1038,2 млрд. теңге болды, ал шетел валютасымен таратылған несиелер 2,5% өсіп, 998,8 млрд. теңге болды. Нәтижесінде, теңгелік кредиттердің үлес салмағы 2005 жылғы шілдемен салыстырғанда 50,7%-дан 51,0%-ға дейін артты.
Ұзақ мерзімді сияқты, қысқа мерзімді несиелердлің өсу үрдісі байқалады. Мәселен, ұзақ мерзімді несиелер 1382,5 млрд. теңгені құрап, 4,0% өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер — 645,5 млрд. теңгені құрап, 1,5% өсті. Жиынтығында ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 67,3%-дан 67,9%-ға дейін артты.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері шілде айымен салыстырғанда тамыз айында 413,0 млрд. теңгені құрап, 3,4% көбейді.
Экономика салалары бойынша алсақ, сауда (25,7%), өнеркәсіп (17,3%), құрылыс (11,7%) және ауыл шаруашылығы (6,5%) сияқты салалар анағұрлым белсенді түрде несиеленуде.
Тамыз айында банкке жатпайтын заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы несиелері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 14,0% болса, жеке тұлғаларға берілген несиелер (19,3%) шілде айындағы деңгейде өзгеріссіз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта