Форумды ашқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығының жетекшісі Ивар Викки «Орталық Азиядағы кейбір елдер ақпарат еркіндігін қамтамасыз етуге нақты қадамдар жасады, бірақ дейтұрғанмен, басты түйткілдер әлі де шешіле қойған жоқ», деп атап өтті. Атап айтсақ, И.Виккидің пікірінше, «аймақта БАҚ саласындағы заңнаманы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының стандарттарына сәйкестендіру, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру қажеттігі туындап отыр». «Осындай проблемалардың шешіміне күш сала отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Қазақстандағы журналистика саласының дамуына баса назар аударып келеді»,- деді ол.
Бас қосуға халықаралық сарапшылар мен Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан сынды 5 елдің журналистері, ҚР мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, соның ішінде ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін жауаптанған Қазақстанның арнаулы өкілі Рахат Әлиев жөніндегі қатысуда. Конференцияға абрлығы 150-дей өкіл қатысып отыр.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының БАҚ мәселелері жөніндегі Орталық Азиялық 6-шы конференциясы 2004-жылдың қыркүйек айында Душанбеде өтті.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті