«Бүгін мен Қазақстандық инвестицияларға Ауған нарығының есігін айқара ашу үшін не істеу керектігі төңірегінде осы елдің кәсіпкерлерімен пікір бөлістім»,- деп атап өткен К.Райс бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалғанын айтты. «АҚШ Қазақстанның жан-жақты саяси және экономикалық дамуға ниет түзеген талпыныстарын қолдайды және Қазақстанның инвестицияларынан Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстан сынды елдер үлкен пайда табады деген пікірде»,- деді К.Райс.
Оның пікірінше, «аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттық Орталық Азия аймағы үшін қуатты экономикалық ынталандыру тетігіне айнала алады».
Сонымен бірге К.Райс «Ауғанстан үшін лаңкестікке қарсы күрес — басты тауқымет ретінде сақталып отыр» , деп атап көрсетті.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті