Қырғызстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Қырғызстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Бүгін, 13-қазанда Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Кулов жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қазан 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Ф.Кулов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездеседі.

Бұл — Ф.Куловтың Қырғызстан үкімет басшысы лауазымына бекітілгеннен кейін Қазақстанға жасаған тұңғыш сапары.