Шымкентте жанармай арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жанармай арзандады

Шымкентте жанармай арзандады

Шымкентке жанармай жеткізілуге байланысты баға 6 теңгеге арзандады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттердің қожайындары қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

  • 13 Қазан 2005
  • 509
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертеңгі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысына АИ-80 маркалы 1200 тонна жанармай жөнелтілген. «500 тоннасы Шымкенттің әр жерінде орналасқан 17 жанармай тарату бекетіне жіберілсе, 200 тоннасы Түркістанға жөнелтілді. Қалғаны цистернадан аударып құйылып, аудандарға таратылуда»,- деді Қ.Қамбаров.

Қ.Қамбаровтың айтуынша, АИ-80 жанармайының 1 литрінің бағасы 65-тен 59 теңгеге дейін арзандады. Жанармай тарату бекеттеріне басқа маркалы жанармайлар мен дизельдік отын әзірге жеткізілген жоқ.
Қ.Қамбаров операторлар қажетті қаржыны дер кезінде өтеп жатыр, жанармай дұрыс жіберілуде , деп сендірді.