Қазақстан президенті сайлау алдындағы үгіт-насихатты заң шеңберінде жүргізу туралы Орталық сайлау комиссиясының үндеуін қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті сайлау алдындағы үгіт-насихатты заң шеңберінде жүргізу туралы Орталық сайлау комиссиясының үндеуін қолдады

Қазақстан президенті сайлау алдындағы үгіт-насихатты заң шеңберінде жүргізу туралы Орталық сайлау комиссиясының үндеуін қолдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлау алдындағы үгіт-насихатты заң шеңберінде жүргізу туралы Орталық сайлау комиссиясының үндеуін қолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында Н.Назарбаев : «Барлық саяси күштер мен партияларды заң шеңберінде үгіт-насихат жүргізуге , қоғамдағы тұрақтылықты шайқалтпауға шақырған комиссия үндеуін мен қолдаймын»,- деп мәлімдеді.

«Бұл тек оппозицияға ғана емес, барлық тараптарға қаратып айтылған аса маңызды нәрсе. Сондықтан да заң бұзылған жағдайдағы құқық қорғау мекемелерінің заңды әрекеттерін бостандыққа жасалған қастандық ретінде қабылдамау керек»,- деді президент.
Президент қыркүйек айында парламент сессиясының ашылуында арнайы мәлімдеме жасап, «Қазақстан президент сайлауын әділетті, адал әрі ашық өткізуге тырысады» , деп сендіргенін еске салды. Қазақстан президенті К.Райспен өткен сұхбат барысында «Қазақстан қоғамын демократияландыру және биыл осында өтетін президент сайлауы төңірегінде кең көлемді пікірталас өрбіткенін» хабарлады. «Аталмыш мәселелер бойынша да біз өзара толыққанды түсіністікке келдік»,- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге кездесу барысында сөз бостандығы төңірегінде де ой қозғалды, деді Н.Назарбаев. «Біз шынайы сөз бостандығын қолдаймыз. Ал жалақорлық пен жалған ақпараттар тарату еркіндігін жақтамаймыз»,- деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта