Азия даму банкі 2006-2008-жылдарда Қазақстанның жеке меншік секторындағы операцияларының аясын кеңейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия даму банкі 2006-2008-жылдарда Қазақстанның жеке меншік секторындағы  операцияларының аясын кеңейтеді

Азия даму банкі 2006-2008-жылдарда Қазақстанның жеке меншік секторындағы операцияларының аясын кеңейтеді

Азия даму банкі 2006-2008-жылдарда Қазақстанның жеке меншік секторындағы операцияларының аясын кеңейту бағытында жұмыс істейді. Бұл туралы Азия даму банкінің Қазақстанға арнаған стратегиясы мен бағдарламасының жаңартылған нұсқасында осылай делінген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

2006-2008-жылдарда ауылшаруашылығы мен табиғи ресурстар саласындағы жобаларға, осы кезеңге арналған ауылдық аумақтарды дамыту және ауылдық аумақтарда 2007-жылы су қамтамасыздығы мен кәріз жүйесін дамытуға арналған жобаларға үш несие бөлуді межелеген. «Қазақстанның жеке меншік секторындағы операцияларының аясын кеңейту — болашақта Азия Даму банкінің басты жұмыс бағытына айналады және оның аясы біршама кеңейтіледі»,- дейді банктегілер.

Сонымен бірге жыл сайын 1,5 млн. доллар бөлу көзделген техникалық көмек бағдарламасы Азия Даму банкінің маңызды жұмыс құралы ретінде қала бермек. 2007-2008-жылдарда республика үкіметі әрбір жобаны қаржыландыру көлемін 50 процентке жеткізу арқылы Азия даму банкінің техникалық көмек бағдарламасына атсалысу аясын арттырады. Бұған дейін Азия даму банкі мен үкімет тиісінше 60 және 40 проценттік үлес иемденіп келді.
Стратегияның жаңартылған нұсқасында атап көрсетілгеніндей, мемлекеттік секторға техниалық көмек беру мен инвестициялар жеке меншік секторды дамытуға қолайлы жағдай тудырмақ. Мемлекеттік сектор кедейлік деңгейін төмендету үшін ауылдық аумақтар мен су қамтамасыздығын дамыту бағдарламалары бойынша несиелер алып отырғаны белгілі.
Үкімет мемлекеттік секторға арнаған несиелерді әсіресе инновацияны дамытуға айтарлықтай ықпал етет алатын немесе жүзеге асыру барысында инновацияларды пайдалануға негізделген, мемлекет қаржысын ішкі инвестицияларға шоғырландыра жұмсайтын жобаларға басымдық бере іріктеуде. «Қазіргі жағдаймен Азия Даму банкі үкіметтің алдағы шешімдерін жүзеге асыруға жыл сайын 50 млн. доллар көлемінде несие бөлуге дайын»,- делінген банк хабарламасында.
«Мұнайға бай Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы Азия Даму банкімен ынтымақтастықтағы басымдықтарды өзгертуге міндетті түрде алып келетіні түсінікті»,- деді Азия Даму банкінің Шығыс және Орталық Азиялық департаментінің директорларының бірі Адриан Рутенберг. «Экологиялық тұрақтылықты сақтай отырып, жеке меншік секторды нығайту арқылы адамның жан-жақты дамуына қол жеткізу мен аймақтық ынтымақтастық аясын кеңейту Азия Даму банкінің басты жұмыс бағытына айналады»,- деді ол.
2004-жылдың аяғындағы жағдаймен Азия Даму банкі Қазақстанға жалпы көлемі 500 млн. доллардың 12 несиесін беріп, 25 млн. долларға техникалық көмек жобаларын қаржыландырды.

Перейти к новостям спорта