Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысы өтті

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысы өтті

Бүгін, 13-қазанда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ұйым хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қазан 2005
  • 321
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, отырыста Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесінің жынындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының әскери мазмұнына қатысты құжаттардың жобасы талқыланды. Бұл құжаттар қазан айының аяғында өтетін сыртқы істер, қорғаныс және қаржы министрлерінің орынбасарлары мен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше-елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының орынбасарларының консультациясында талқыланады.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.