ҚР үкімет басшысы Қырғыз республикасының премьер-министрі Феликс Куловты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Қырғыз республикасының премьер-министрі Феликс Куловты қабылдады

ҚР үкімет басшысы Қырғыз республикасының премьер-министрі Феликс Куловты қабылдады

Кеше, 13-қазанда республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Астанада жұмыс сапарымен жүрген Қырғыз республикасының премьер-министрі Феликс Куловты қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қазан 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып келе жатқаны сөз болды. Соңғы жылдары өзара сауда айналымының өсу үрдісі байқалып, 2005 жылдың қаңтар-маусымында оның көрсеткіші 149,5 миллион долларды құраған.

Сондай-ақ, кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Атап айтқанда, шекаралық аудандарда сауданы ұйымдастыру, аймақтың су-энергетикалық ресурстарын пайдалану, газ саласындағы ынтымақтастық, Қазақстанға Қырғыз Республикасынан жұмыс іздеп келетін еңбеккерлердің мәртебесін анықтау және Ыстықкөл жағалуындағы 4 шипажайды Қазақстан Республикасының меншік құқығы ретінде тану туралы мәселелер қаралды.
Даниал Ахметов: «Қазақстан көршілес Қырғыз Республикасында тұрақтылықтың сақталуына, екі елдің ынтымақтастықтығы кең ауқымда дамуына ынталы және Қазақстан Үкіметі осы процеске барынша мүмкіндік туғызатын болады», — деп атап көрсетті .

Перейти к новостям спорта