Қарағандыдағы әскери бөлімнен бір жауынгер қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы әскери бөлімнен бір жауынгер қашып кетті

Қарағандыдағы әскери бөлімнен бір жауынгер қашып кетті

Қарағандыдағы № 6505 әскери бөлімнен биылғы шілде айында Ақтөбеден әскер қатарына шақырылған бір жауынгер қашып кетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қазан 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бөлімше командирі Серік Оспановтың айтуынша, кетер алдында қатардағы жауынгер азық-түлік сатып аламыз деген сылтаумен әріптестерінен 5 мыңдай теңге жинап алыпты. Артынан қарауылда тұрған сәтте қоқыс төгемін деп шыққан беті бөлімшеге қайта оралмаған.

Қазір оны іздестіру шаралары жүргізілуде. Ата-анасына хабар берілді. Басшылық бұл бөлімшеде әлімжеттік оқиғасы жоқ деп сендіруде. Жауынгердің қашып кету себептерін олар әлімжеттікпен байланыстырмайды. Дегенмен, бұл — осы бөлімшеде биыл шыққан екінші әскерден қашу оқиғасы.

Перейти к новостям спорта