Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы бақылаушылар миссиясының құрамына қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы бақылаушылар миссиясының құрамына қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы бақылаушылар миссиясының құрамына қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы бақылаушылар миссиясының құрамына қатысты Қазақстанның ұсынысын қабылдады. Бұл туралы бүгін, 14-қазанда журналистерге берген сұхбатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қазан 2005
  • 580
Фото - Caravan.kz



«Бізге келіп жеткен соңғы ақпаратқа сәйкес, біздің ұсыныстарымызға көңіл бөлінген көрінеді»,- деді О.Жұмабеков.
«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы еліміздегі президент сайлауына 436 адамнан құралған ауқымды бақылаушылар миссиясын жібермекші. Олар қазір Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше барлық 55 елге бақылаушыларын жіберу туралы шақыру жолдады»,- деді комиссия төрағасы. «Сөйтіп, ұйымға мүше барлық елдерді сайлауға қатыстыру туралы географиялық принцип жүзеге асатын болды»,- деді ол.
«Бұнымен ғана шектелмей, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы ұйымға мүше-елдерге жолдаған өтінішінде елімізге шама келгенінше орыс тілін білетін бақылаушыларды жіберуді сұрады»,- деді О.Жұмабеков.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 2005-жылдың 19-қыркүйегінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше елдердің адами өлшемдерге арналған жыл сайынғы кездесуінде ұйымның бақылаушылары миссиясының Қазақстандағы жұмысына қатысты бірқатар ескертпелерді ортаға салғанын айтты. «Мен онда Қазақстанға ылғида бір елдің бақылаушыларын жібере бермей, негізінен орыс және қазақ тілін білетін бақылаушыларды жіберу керектігін де айттым»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы еліміздегі президент сайлауына 436 адамнан құралған ауқымды бақылаушылар миссиясын жібермекші. Президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта