Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон салынады

Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон салынады

Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон салына бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қазан 2005
  • 764
Фото - Caravan.kz

Полигон салуға жарияланған тендерде «Ақтөбе-жоба» ЖШС жеңіске жетті. Облыстық бюджетте бұл мақсатқа 108 млн. теңге қарастырылған.

«Ақтөбе-жоба» ЖШС бас директорының орынбасары Қайыржан Тоқтамысовтың айтуынша, қазіргі жағдаймен бөлінген қаржының 25 млн. теңгесі игерілді. Атап айтсақ, жаңа полигонның орнында ұзындығы 200, ені 60, тереңдігі 5 метрлік арнаулы шұңқырлар қазылады.
Қ.Тоқтамысовтың айтуынша, қоқыс бірегей технологияның көмегімен өңделетіндіктен, қоршаған табиғи ортаға зардап келмейді. Сонымен бірге қоқыс өңделген соң полигонның орнына шөп егіледі. Полигонда сұйық қалдықтар, улы химикаттар мен оқ-дәрілерден басқа қоқыс қалдықтардың барлық түрі қабылданады.
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жаңа полигон 2006-жылдың аяғында пайдалануға беріледі. Ол 25 жыл пайдаланылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта