Алматыдағы қаржылық орталық 2006-жылдың басында іске кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы қаржылық орталық 2006-жылдың басында іске кіріседі

Алматыдағы қаржылық орталық 2006-жылдың басында іске кіріседі

"Біз тиісті заңды парламент биылғы жылдың желтоқсан айында қабылдау нәтижесінде аймақтық қаржылық орталық 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап заңды түрде іске кіріседі деп сенеміз",- деп мәлімдеді бүгін, 14-қазанда Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Батырхан Исаев.

  • 14 Қазан 2005
  • 369
Фото - Caravan.kz

Б.Исевтың түсініктемесіне сәйкес, «қазіргі мақсат — қаржылық орталық құру жоспарын пәрмендендіру жоспарына сәйкес «Аймақтық қаржылық орталық туралы» заң мен қолданыстағы заңдарға енгізілетін түзетулерді тездетіп қабылдауға саяды».

«Қаржылық орталықты ұйымдастыру және оның құқықтық формасына қатысты пікірталастардың нәтижесінде осынау заңды тұлғаға мемлекеттік мекеме деген мәртебе беру жөнінде шешім қабылданды. Ол республика үкіметіне тікелей бағынатын болады. Біз оны қаржылық орталықтың әкімшілігі деп атадық»,- деді вице-министр.
Б.Исаев қаржылық орталықты қаржыландыру көлемі төңірегінде әзірге әңгіме қозғау ерте деп санайды. «Мемлекеттік мекеме мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны түсінікті жайт. Мемлекет басшысы мен үкімет қаржылық орталық құру жөнінде ақырғы шешім қабылдаған жағдайда қажетті қаржы 2006-жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылатын болады»,- деді вице-министр.

Перейти к новостям спорта