Өкілдер құрамында Америка Құрама Штаттарының әскеи-саяси элитасына жататын оншақты генералдар, адмиралдар мен мемлекет қайраткерлері бар.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның бітімгершілік әлеуетін арттыру, екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы, ҚР қарулы күштерін жаңалау мәселелерін талқылады. «Аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту ісінде Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің жетекші әріптесі болып табылады»,- деді АҚШ өкілдері.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс саласындағы арабайланыстары 2003-жылдың қыркүйегінде қол қойылған 5 жылдық ынтымақтастық жоспарының негізінде дамып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанға 30 млн. доллардың әскери техникалары мен жабдықтары жіберілді. «Халықарпалық әскери дайындық және оқыту» бағдарламасы аясында еліміздің 200 әскери қызметкері білім шыңдады.