ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдеріне сайлауды тиімді бақылауға септігін тигізуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдеріне сайлауды тиімді бақылауға септігін тигізуге уәде берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдеріне сайлауды тиімді бақылауға септігін тигізуге уәде берді

Барлық деңгейлі сайлау комиссиялары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының өкілдеріне сайлау барысын тиімді әрі обьективті бақылауға қажетті көмек пен ақпаратты беретін болады. Бұл туралы бүгін, 17-қазанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының Қазақстандағы президент сайлауына бақылау жасау жөніндегі миссиясының жетекшісі Одри Гловермен кездесуде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков мәлімдеді.

  • 17 Қазан 2005
  • 348
Фото - Caravan.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге сайлаулар жөніндегі кеңесші Джонатан Стоунстрит, байланыс жөніндегі бас үйлестіруші Любомир Копай, сайлау жүйелері жөніндегі талдаушы Олексий Личковак, электронды дауыс беру жөніндегі сарапшы Йено Цзеп қатысты.

Миссияның жетекшісі өкілдердің бұл сапары таныстық және халықаралық бақылаушылардың Орталық сайлау комиссиясымен етене жақын ықпалдастығын қамтамасыз ету мақсатын көздейтінін хабарлады.
Кездесуге қатысушылар ұзақ мерзімді бақлаушылар миссиясының жұмысын ұйымдастыру жайын талқылап, оның негізгі құрамын таныстырып, сайлау науқанына қатысты нормативтік-құқықтық базамен танысты.

Перейти к новостям спорта