Павлодарда әпкесінің төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда әпкесінің төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды

Павлодарда әпкесінің төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды

Павлодардағы Шарбақты кедендік тексеру бекетінде әпкесінің төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қазан 2005
  • 322
Фото - Caravan.kz

Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, әйел Баянауылдан Монғолияға бет алған жерінен ұсталған.

Тағы да осы тексеру бекетінде Ош қаласынан Қазқастан аумағы арқылы Красноряск қаласына бет алған «Мерседес» шағын автобусын тексеру кезінде «егіздің сыңары болып табылатын ағасының төлқұжатымен» шекарадан өтпек болған Қырғызстан азаматы қолға түсті.
Бұл деректерге қатысты істер Шарбақты аудандық көші-қон полициясыынң қызметкерлеріне тексеруге берілді.
Жалпы алғанда өткен аптада Қазақстандық шекарашылар контрабанда алып өтуге жасалған 17 дерекке тосқауыл қойып, шекара бұзған 286 адамды ұстады.

Перейти к новостям спорта