Атап айтсақ, Алматы облысы Қарасай ауданында Алматы-Астана тас жолының 29-шақырымында 17-қазанда «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылу салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Ал Алматы қаласы Жетісу ауданында «ЛиАЗ» автобусының жүргізушісі бір әйелді қағып кету салдарынан ол мерт болып, 4 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Жезқазған-Қарағанды тас жолының 81-шақырымында «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алу салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші ауруханаға түсті.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында «УАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мерт болып, бір жолаушы жараланса, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан үш адам жараланды.