Министрліктің хабарлауынша, Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы Шығыс Жезқазған кен орнындағы №73 шахтада 17-тамызда жол тұйықталымында тұрған «Катерпиллер» маркалы тау-кен машинасының жүріп кетуі салдарынан 25 жастағы екі маркшейдер әйел қаза тапты.
Қарағанды облысындағы Шығыс Жезқазған кен орнында өндірістік апат салдарынан екі маркшейдер әйел қаза тапты . Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.