Бірақ қазан айының алғашқы жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері кеміді. Ағымдағы бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 1,4 процентке, яғни, 115 млн. долларға кеміп, 8187,9 млн. долларды құрады.
5,3 процентке, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 5,9 процентке, алтын түріндегі активтері 0,5 процентке өсті.
Ұлттық банктің ішкі валюта рыногынан валюта сатып алғанына және үкіметтің есепшотына шетел валютасының аударылуына қарамастан, Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру үшін валюта сату нәтижесінде таза валюталық қор көлемі кеміді. Соның нәтижесінде таза валюталық қор 112,7 млн. долларға кеміп, 7288,8 млн. долларға жетті. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 0,5%-ке арзандауының нәтижесінде 2,3 млн. долларға азайып, 899,1 млн. доллар болды.
Ұлттық банктің таза халықаралық активтердің кмуі 2005-жылдың қазан айының алғашқы жартысында ақша базасының 2,5 процентке , немесе 15,9 млрд. теңгеге кеміп, 626,4 млрд. теңгеге жетуіне әсер етті.