Елбасы Татарстан президентіне мемлекеттік бейбітшілік және ілгерілеушілік сыйлығын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Татарстан президентіне  мемлекеттік бейбітшілік және ілгерілеушілік  сыйлығын табыс етті

Елбасы Татарстан президентіне мемлекеттік бейбітшілік және ілгерілеушілік сыйлығын табыс етті

Бүгін, 27-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президенті Ментимир Шаймиевке екі халық арасындағы достық, бейбітшілік пен өзара сенімділікті нығайтуға, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін мемлекеттік бейбітшілік және ілгерілеушілік сыйлығын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Мен үшін көп ұлтты мемлекетте бейбітшілік, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ете алған адамның өз қолынан тікелей сыйлық алу үлкен мәртебе»,- деді М.Шаймиев рәсімде. «Қазақстан бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі көптеген мемлекеттер үшін үлгі бола алады»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның тұңғыш президентінің бейбітшілік және ілгерілеушілік үшінгі мемлекеттік сыйлығы Татарстан мемлекет басшысы Ментимир Шаймиевке беру жөніндегі жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22-қазанда қол қойды.

Перейти к новостям спорта