Тергеу Нұрқаділовтың кісі қолынан өлу немесе өзін-өзі өлтіруі мүмкіндіктерінің ешқайсысын да жоққа шығармайды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тергеу Нұрқаділовтың кісі қолынан өлу немесе өзін-өзі өлтіруі мүмкіндіктерінің ешқайсысын да жоққа шығармайды - ІІМ

Тергеу Нұрқаділовтың кісі қолынан өлу немесе өзін-өзі өлтіруі мүмкіндіктерінің ешқайсысын да жоққа шығармайды - ІІМ

"Сараптама аяқталғаға дейін Заманбек Нұрқаділовтың қазасына қатысты "кісі қолынан өлу немесе өзін-өзі өлтіруі мүмкін" деген жормалдардың біреуін де ысырып тастауға болмайды". Бұл туралы бүгін, 22-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2005
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Әзірге біз бұл жорамалдардың қайсыбірін де жоққа шығара алмаймыз»,- деді министр.

Б.Мұхамеджанов мамандардың қазір дактилоскопиялық, баллистикалық, трассологиялық сынды бірқатар сараптамалар жасап жатқанын еске салды. «Сараптамалар үшін біршама уақыт керек»,- деді ол.
Алайда, үш оқ та З.Нұрқаділовтың өзіне қарасты «Кобальт» тапаншасынан атылған дегенді кесіп айтуға болады, деді ішкі істер министрі.
Тергеу сонымен бірге кейінгі кездері З.Нұрқаділов «күшті ұйқы дәрілерін жиі қолданған» деген деректерден хабардар болды, деді Б.Мұхамеджанов. «Тексеру кезінде оқиға орнынан «Имован» және «Семнол» деп аталатын препараттардың бос қораптары табылды. Бұлар күшті ұйқы дәрілері болып табылады»,- деді министр.
Тәртіп сақшылары әзірге Нұрқаділовтың үйіне келген бөтен адамның ізін таба алмай отыр. Дегенмен, «ақырғы қорытынды сараптама аяқталғаннан кейін ғана жасалады», деді Б.Мұхамеджанов.
Тергеушілер сонымен бірге Нұрқаділовтар отбасында көптен бері тұрмыстық негіздегі жанжалдар орын алғанын анықтап білді. Марқұмның таныстары мен туыстарының жауабына қарағанда, «оның үйінде кейінгі кездері моральдық-психологиялық ахуал біршама ушығып тұрған».
Қазір полиция «Нұрқаділовтың туыстары мен жақындарын сұраққа мұқият алуда»,- деді министр. «Алайда, марқұмның жесірі мен оның жақын туыстарының тергеуді қызықтырған мәселенің кейбір егжей-тегжейін шын көңілмен ортаға салудан бас тартуына байланысты қиындықтар туындап отыр»,- деді министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-қараша күні кешкісін З.Нұрқаділов өз үйінде үш оқ тиіп қаза тапқан жерінен табылған болатын.

Перейти к новостям спорта