Энергетика және экономика министрліктері кешікпей Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасай бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика және экономика министрліктері кешікпей Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасай бастайды

Энергетика және экономика министрліктері кешікпей Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасай бастайды

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен экономика министрлігі "ҚазМұнайГаз ҰК"АҚ және Атырау облысы әкімшілігімен бірлесе отырып кешікпей Атырау облысында еркін экономикалық аймақ құрудың техника-экономикалық негіздемесін жасай бастайды. Бұл туралы бүгін, 23-қарашада Астанада "Қазақстанда мұнайхимиясын дамыту: қазіргі ахуал және келешек" тақырыбындағы бас қосу аясында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытудың бас жоспары аясында өндіріс өнімі ауқымын ескеру негізінде Еркін экономикалық аймақтың артықшылықтарын пайдалану арқылы Атырау облысында мұнайхимиясы кластерін құру туралы ұсынысты қазір біз қарап жатырмыз»,- деді В.Школьник.

Министрдің айтуынша, «бұл аймақта инвестициялық жобаларға салық салудың жеңілдетілген тәртібі қолданылатын болады».

Перейти к новостям спорта