Парламент Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады

Парламент Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады

Бүгін, 23-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияны бекіту туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл конвенцияға қол қою Каспий теңізін ластанудан қорғау, ондағы биоресурстарды қорғау, сақтау, қалпына келтіру, тұрақты әрі тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігінен туындады.

Конвенцияның 4-бабында келісімге қол қойған жақтардың ортақ міндеттемелері көрсетілген. Онда Каспий теңізінің ластануын азайту , қадағалау және оның алдын алуға қажетті шараларды өз бетімен немесе бірлесе қолдану, Каспийдегі теңіз ортасы мен ресурстарын сақтап қалу, қалпына келтіру және қорғауға шаралар қолдану қарастырылған. Конвенция талаптарын орындауда келісімге келуші тараптар басшылыққа алатын басты принциптердің бірі — «ластаушы төлейді» деген принцип болмақ. Соған сәйкес, теңіз бассейніне кері әсер етуші жақ теңіздің ластануын азайту, алдын-алу және бақылау шараларын жүзеге асыру шығындарын көтереді.
Конвенция 2003-жылдың 4-қарашасында Тегеранда дәйектелген. Оған Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қол қойды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта