Парламент Қазақстанды сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстанды сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады

Парламент Қазақстанды сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенцияға біріктіру жөніндегі заңды қабылдады

Бүгін, 23- қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасын су құстары мекенденетін халықаралық маңызы бар сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенцияға (1982-жылғы 3-желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген және 1987-жылдың 28-мамырында Режина хаттамасымен енгізілген түзетулермен қоса) біріктіру туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 666
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда Теңіз-Қорғалжын, Алакөл көлдер жүйесі мен Теңіз және Ырғыз өзендерінің бір-біріне құятын сағасы халықаралық маңызы бар сулы — батпақты жер-сулар деп танылды.

Мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей «өзінің транзиттік орналасу жағдайына қарай Қазақстандағы су қоймалары су және судың маңайын мекенденетін құстар өсіп-өнетін Азиядағы аса маңызды резерваттар болып табылады». Мәселен, Қазақстанда ұя салатын, түлейтін, маусымдық орын алмастыратын және қыстайтын кезеңінде құстардың барлығы 130-дай түрі тіркелген.
Сулы — батпақты жер-сулар туралы конвенция — 1971-жылдың 2-ақпанында Рамсарда хатталған халықаралық келісім болып табылады. Ол 1975-жылы күшіне енді. Конвенцияға 140 ел біріккен. Халықаралық маңызы бар батпақты-сулы жер-сулар тізіміне жалпы 124 млн. гектар аумақты алып жатқан 1421 жер енгізілген.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта