Шығыс Қазақстан облысында жаңа жылға орай 1,5 мың шырша дайындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында  жаңа жылға орай 1,5 мың шырша дайындалады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа жылға орай 1,5 мың шырша дайындалады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында мектептер мен балабақшаларда жаңа жыл мерекесін өткізу үшін 1450 шырша дайындау жоспарланды. Бул туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық табиғат ресурстары мен табиғат қорғауды реттеу департаментінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2005
  • 508
Фото - Caravan.kz

Департаменттің орман шаруашылығы мен ерекше күзетілетін табиғи аумақтар жөніндегі бөлімінің бастығы Петр Глухихтің айтуы бойынша, шыршаларды білермендікпен дайындау мен сатуға 2003 жылдан бастап тыйым салынған. «Биыл 15 қарашадан бастап ормандарга апаратын жолдардың бойында қадағалау және өткізу бөлімшелері орнатылған. Орман күзетшілерінен арнайы топтар құрылған», — деді ол. П. Глухихтің айтуынша, 24 қадағалау және өткізу бөлімшесі полиция қызметкерлерімен бірге 31 желтоқсанға дейін шыршалардың сыртқа әкетілмеуін қадағаласа, мобильді 27 топ мемлекеттік орман қорынын аумағын күзетеді.

Жаңа жыл мерекесіне дейін бір айдан астам уақыт қалғанына қармастан, орман шаруашылықтарында браконьерлер пайда болды, дейді П. Глахих. Мәселен, сейсенбі күні Черемшанское орман шаруашылығында алғашқы екі шыршаны кескен заң бұзушы ұсталды.
Бөлім бастығының айтуынша, жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кесуге қатысты 15 оқиға тіркелген. Заң бұзушылардан 79 шырша тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта