Бүгін, 23-қарашада Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының министр орынбасарлары деңгейіндегі 19-шы отырысының қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.
«Тараптар кезекті отырысты Мәскеуде өткізуге және оның мерзімін дипломатиялық желілер арқылы айқындауға келісті»,- делінген кездесуге қатысушылар қабылдаған қорытынды коммюникеде.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының 19-шы отырысы қарашаның 22 және 23-жұлдызында Астанада өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан өкілдері қатысты. Кездесуде Қазақстандық өкілдерді ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге қатысушы Қазақстан өкілі Ерік Өтембаев басқарды.