Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі өтуде

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі өтуде

Бүгін, 24-қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі басталды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Осынау жыл сайынғы форум еліміздегі қаржы рыногының ағымдағы ахуалына баға беріп, проблемалар мен оны шешу жолдарын, сондай-ақ, даму перспективалаоры мен басымдықты айқындайды.

Конгреске халықаралық және отандық қаржылық даму институттарының өкілдері, салалық министрлік және мекеме жетекшілері, еліміздегі жетекші бизнес-құрылымдардың топ-менеджерлері қатысуда.
2004-жылдың 15-қарашасында Алматыда өткен ІҮ конгресте Н.Назарбаев еліміз қаржыгерлерінің алдына бірінші кезекте шешілуі тиіс 7 мақсат қойған. Атап айтсақ, қаржы рыногын дамыту, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық холдинг құру, экономиканың нақты саласын қаржыландыру үшін жаңа құралдарды қолданысқа енгізу тб.
Ал Ү конгресте Елбасы өткен уақыт ішінде тындырылған істерге баға беріп, жаңаша мақсаттарды айқындап береді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта