Қадағалау, капиталды арттыру мен ашықтық Қазақстанның банк жүйесіне даму жолынан ауытқымауға көмектеседі - Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадағалау, капиталды  арттыру мен ашықтық Қазақстанның банк жүйесіне даму жолынан ауытқымауға көмектеседі - Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы

Қадағалау, капиталды арттыру мен ашықтық Қазақстанның банк жүйесіне даму жолынан ауытқымауға көмектеседі - Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы

Қадағалау функцияларын жетілдіру, капитал қорын арттыру, жоғары деңгейдегі ашықтық принциптеріне көшу мен корпоративтік басқару Қазақстанның банк жүйесіне даму жолынан ауытқымауға және қазіргі бар тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Бүгін, 24-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2005
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Сіздер ауқымды әрі айқын табыстарға қол жеткіздіңіздер. Осындай қарқынды өсіммен ілесе жүретін қатерлер де айқын. Табысқа жету бір төбе де, осынау бас айландырар табысты басқара білу де — бір өнер»,- деді Ж.Лемьер.

Қазақстанның банк секторы алдағы уақытта тап келуі мүмкін қатердің бірі ретінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті халықаралық капитал нарығынан банктер алып жатқан несиелер көлемінің ұлғая түсуіне байланысты тәуекелдерді атады. «Сіздің банктер халықаралық қаржы нарықтарынан төмен өсіммен ірі көлемде қаржы тарта алды. Бұған халықаралық агенттіктер тарапынан берілген жоғары рейтинг өз ықпалын тигізді. Алайда, сырттан алынған өлшеусіз қарыз үлкен қатерге ұрындыруы мүмкін. Сол себепті оны тиімді басқара білу керек»,- деді Ж.Лемьер.
Ол сонымен бірге қаржыгерлерді Қазақстандық банктердің халықаралық рыноктарға, соның ішінде бірінші кезекте ТМД елдеріне асыға ұмтылуына байланысты туындайтын тәуекелдерден сақ болуға шақырды. «Сіздің көптеген банктер қаржысын Ресейге салуда. Бұл, әрине, қалыпты құбылыс. Дегенмен, ол — дұрыс басқаруды талап ететін тәуекелдердің бірі»,- деді Ж.Лемьер.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіре түсу бағытында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі тарапынан ауқымды істер тындырылып жатқанын атап өтті. «Біз Қазақстанда бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынғанын білеміз және Агенттік оны дұрыс бағытта жалғастыра алады деп сенеміз»,- деді Ж.Лемьер.
Халықаралық банктің президенті Базель-2 секілді халықаралық стандарттарға сәйкес банк капиталын ұлғайту «күрделі болса да, аса маңызды мақсатқа жатады», деп атап өтті. «Капитал жеткілікті болса, тәуекелдерді ауыздықтап, дағдарыстардың алдын алуға болады»,- деді ол.
Халықаралық рыноктың Қазақстандағы банк жүйесіне деген сенімі ашьқтық жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп, кешенді корпоративтік басқару жүйесі болған жағдайда ғана нығая түседі, деп атап өтті Ж.Лемьер. «Халықаралық сенімге ие болу үшін ашықтықтың маңызы зор. Қазақстан бұл соқпаққа түсті және осындай талпыныстар жалғасын табуға тиіс»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта