Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының бастығы өз жұмыс бөлмесінде атылып өлген жерінен табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының  бастығы өз жұмыс бөлмесінде атылып өлген  жерінен табылды

Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының бастығы өз жұмыс бөлмесінде атылып өлген жерінен табылды

Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амандық Салықбаев өз жұмыс бөлмесінде атылып өлген жерінен табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қараша 2005
  • 641
Фото - Caravan.kz

44 жастағы полиция подполковнигі 23-қарашада сағат 11-де өзінің жұмыс бөлмесінде басынан оқ тиіп өліп жатқан жерінен табылды. Оқиға орнынан офицердің иелігіндегі табельді қару шықты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні Салықбаев басқарма қызметкерлерінің жиынын өткізіп сапқа тұрғызғаннан кейін кезекші бөлімге келіп, қаруын тазалаймын деп сұрап алған. Осыдан кейін ол демалыс бөлмесіне кеткен. Біраздан кейін атыс үнін естіп, оның бөлмесіне барғандар Салықбаевты өліп жатқан жерінен тауып алады.
Тәртіп сақшылары қазір қызмет бабындағы тексерулер жүргізіп жатыр. Оның барысында өзін өзі өлтіруден бастап бірнеше жорамал қарастырылуда, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Қазір Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің психолог маманы Ләззат Тапаева Арқалық полициясының қызметкерлерін тестілеу шарасынан өткізуде. Оның айтуынша, «ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал бірқалыпты, кейінгі кездері ешбір оқыс оқиға болмаған».
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшысының артында әйелі мен үш ересек баласы қалды. «Отбасы жаңжалсыз тату-тәтті өмір сүрген»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
А.Салықбаевты қызметтестері де оң сипаттауда. «Оның жұмысына қатысты ешбір сын немесе ескерту жасалып көрген жоқ»,- деп мәлімдеді бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мейірхан Жаманбаев. Тергеуді ол тікелей өз бақылауына алды.

Перейти к новостям спорта