Қазақстанда біртұтас корпоративтік басқару жүйесін құру қажеттігі қалыптасты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда біртұтас корпоративтік басқару жүйесін құру қажеттігі қалыптасты

Қазақстанда біртұтас корпоративтік басқару жүйесін құру қажеттігі қалыптасты

Қазақстанда біртұтас корпоративтік басқару жүйесін құру қажеттігі қалыптасты. Бүгін, 24-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессінде ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2005
  • 710
Фото - Caravan.kz

Агенттік төрағасының айтуынша, «қазіргі заманғы корпоративтік басқару проблемасы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатымен сабақтас. Ол экономикалық құбылыстардың жаҺандану деңгейінің артуымен және әлемдік қор рыноктарының дамуымен ілесе пайда болады».

«Инвестициялық ахуал жақсарғанымен, Қазақстандық компанияларға ашықтық пен корпоративтік мәдениет әлі де жетіспейді»,- деді Б.Жәмішев.
«2005-жылдың ақпан айында эмитенттер кеңесінің алғашқы отырысында халықаралық тәжірибеге негізделген корпоративтік басқару жөніндегі кодекс қабылданды»,- деді ол. «Соның негізінде Қазақстандық компаниялар жеке корпоративтік басқару кодексін жасай алады. Ол акционерлік қоғамдар мен құнды қағаздардың эмитенттеріне корпоративтік басқау жүйесінде біртұтас көзқарас ұстануға мүмкіндік береді»,- деді агенттік төрағасы.

Перейти к новостям спорта