Ақтөбе облысында жолаушылар отарбасының жүк тиеген вагонында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жолаушылар отарбасының жүк тиеген вагонында өрт шықты

Ақтөбе облысында жолаушылар отарбасының жүк тиеген вагонында өрт шықты

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жолаушылар отарбасының жүк тиеген вагонында өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қараша 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz

Өрт 27-қарашада Астана уақытымен 12 сағатта Қандыағаш бекетіне қарасты учаскенің 315-ші разъезінде Алматы-Атырау бағытындағы поезде шыққан. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

17 сағатта өрт сөндірілді. Бұл шараға 12 адам, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы қатысты. Сонымен бірге тілсіз жауды ауыздықтауға арнаулы өрт сөндіруші отарба жұмылдырылды.