Алматыда шетелдік орталық банктер мен халықаралық даму институттарының қатысуымен конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шетелдік орталық банктер мен халықаралық даму институттарының қатысуымен конференция өтуде

Алматыда шетелдік орталық банктер мен халықаралық даму институттарының қатысуымен конференция өтуде

Бүгін, 28-қарашада Алматыда "Экономикалық жоғары өсім ахуалында қаржылық тұрақтылықты сақтап қалу" тақырыбында екі күндік халықаралық конференция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қараша 2005
  • 601
Фото - Caravan.kz

Халықаралық форумға Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық есеп банкі, Әлемдік банк, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сынды қаржылық институттардың өкілдері, Австрия, Бельгия, Қытай, ТМД елдерінен Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның орталық және ұлттық банктерінің өкілдері қатысуда.

Бас қосуға республика үкімет басшысының кеңесшілері, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрлері, индустрия және сауда министрінің орынбасары, мемлекеттік қаржылық қадағалау мекемесі мен ҚР қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысуда.
Бас қосудың сессиялары барысында экономикалық жоғары өсіммен ілесе жүретін қиындықтар мен әлемдік тәжірибенің негізінде оларды шешу жолдары қарастырылады.

Перейти к новостям спорта