Түркия Қазақстанға 900 мың доллардың әскери-техникалық көмегін көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Қазақстанға 900 мың доллардың әскери-техникалық көмегін көрсетеді

Түркия Қазақстанға 900 мың доллардың әскери-техникалық көмегін көрсетеді

Түркия ҚР Қарулы күштерінің арнаулы бөлімдерін қамтамасыз ету үшін елімізге 900 мың доллардың қазіргі заманғы әскери-техникалық жабдықтарын бермекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қараша 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл көмек бүгін, 28-қарашада басталған Түркияның әскери өкілдерінің елімізге сапары аясында қол қойылған хаттаманы жүзеге асыру үшін көрсетілмек. Бұл хаттама ҚР қорғаныс минисрлігі мен Түркия бас штабы арасында 2005-жылдың 1-қарашасында қол қойылған тегін әскери көрсету туралы үкіметаралық келісімді атқару хаттамасы болып табылады.

Қазіргі жағдаймен екі жақты әскери ынтымақтастық жоспарының аясында Түркия Қазақстан армиясына 6 млн. доллардың көмегін көрсетті. Елімізге жүрдек автокөліктер мен байланыс құралдары жеткізіліп, 300-ден астам әскери қызметкерді оқытуда көмек көрсетілді.
Сапар аясында Түркиялық өкілдер ҚР қорғаныс министрлігінің әскери шет тілдер институтын аралап, «Азия Хаммер» техникалық қызмет көрсету орталығын аралайды. Өкілдердің елімізге сапары 30-қарашада аяқталады.

Перейти к новостям спорта