2006-жылы Астана мен Алматыда халыққа қызмет көрсететін қосымша орталықтар ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылы Астана мен Алматыда халыққа қызмет көрсететін қосымша орталықтар ашылады

2006-жылы Астана мен Алматыда халыққа қызмет көрсететін қосымша орталықтар ашылады

2006-жылдың басында Астана мен Алматыда халыққа "бір терезе" принципі бойынша қызмет көрсететін қосымша орталықтар ашылады. Бұл туралы бүгін, 28-қарашада журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР әділет министрі Зағипа Балиева құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қараша 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Астананың әрбір ауданында екі, Алматының әрбір ауданында бес орталықтан ашуға шешім қабылдады»,- деді министр. «2006-жылғы бюджетте халыққа қызмет көрсететін 30 орталықтың құрылысын салуға 1,8 млрд. теңге қарастырылған»,- деді ол.

Сонымен бірге әділет министрінің хабарлауынша, «ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тағы 12 функциясын өткеріп берсе, келесі жылдан бастап ҚР ІІМ жүргізуші куәліктерін тарату функциясын аталмыш орталықтарға береді».
«Алдағы жылы жалпы алғанда бұл орталықтарда 140 қызмет түрі көрсетілсе, қазір онда бес мекеменің желісі бойынша 54 түрлі қызмет көрсетілуде»,- деді З.Балиева.

Перейти к новостям спорта