Конвенцияны бекіту екі мемлекеттің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар үшін қосарланған салықты болдырмауға мүмкіндік береді. Конвенцияда дивидендтер, сондай-ақ, үкіметтік құнды қағаздар мен облигациялар секілді кез-келген түрлі қарыздық талап кірістері мен роялтиге салық салу, құжаттар мен мәліметтер беру, тәжірибе алмасу, тексеруленр жүргізу және алынған құжаттар мен мәліметтерді пайдалану тәртіптері дәйектелген.
Мұндай конвенцияның болуы екі мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне салық бойынша қарым-қатынастардың тұрақтылығы жөнінен кепілдік берумен бірге, кіріске қосарланған салық салмаудың алдын алуға, екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге түрткі болып, шетелдік инвесторлардың іс жүргізуіне қолайлы жағдай жасайды.
Конвенцияға 2001-жылдың 3-сәуірінде Осло қаласында қол қойылған. Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.