Сенат әлеуметтік қамтамасыздық мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат әлеуметтік қамтамасыздық мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Сенат әлеуметтік қамтамасыздық мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 29-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Әлеуметтік қамтамасыздық мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұладды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қараша 2005
  • 527
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Қазақстан президентінің 2005-жылғы 18-ақпандағы халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

Түзетулерге сәйкес, төрт заңға өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, «Мүгедектікке, асыраушысынан айрылуға және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңға мүгедектікке, асыраушысынан айрылуға және жасына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу тәртіптерін өзгерту және аталмыш төлемдердің мөлшерін арттыру туралы түзетулер енгізіледі.
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңға өзімен бірге тұратын төрт немесе одан көп балалы аналарға, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен», бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылуға байланысты өзгерістер енгізілмек.
«Жер астындағы және жер үстіндегі тау-кендік жұмыстар мен аса ауыр және аса зиянды ахуалда еңбек еткендерге төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға да өзгерістер енгізіліп, аталмыш жәрдемақылар мөлшері арттырылмақ.
Сонымен бірге «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» заңға да өзгерістер енгізілмекші. Бұл түзетулер ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеуге және оның мөлшерін тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгілеп отыруға байланысты болмақ.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта