Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады

Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады

Бүгін, 29-қарашада Мәскеуде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қараша 2005
  • 465
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі мемлекет парламентшілерінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы туралы шартты қатар бекіткенін қанағаттанарлықпен атап көрсетті, екі елдің саяси және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, 2006 жылы Ресейде Абай жылын, Қазақстанда А.Пушкин жылын өткізу екі жақты гуманитарлық ынтымақтастыққа тың серпін беретіндігі ерекше атап көрсетілді.

Сондай-ақ, отын-энергетика кешені, көлік, «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану, білім беру саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығын әрі қарай тереңдету мәселесі сөз болды.
Мұнымен қоса, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың келешегі қаралды. Министрлер Орталық Азиядағы, Ауғанстан мен Ирактағы жағдай туралы пікір алмасты. Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстанда өткелі отырған президенттік сайлауға дайындықтың барысы және сайлауды еркін өткізу үшін мемлекет тарапынан алынып жатқан шаралардың жайынан хабардар етті.

Перейти к новостям спорта