"KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді

"KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді

БАЙҚОҢЫР. 27-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның телекоммуникациялық "KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Сәуiр 2006
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Ұшақ ғарыш айлағына бүгін ұшып келеді деп күтілген -тұғын. Бірақ бұл мерзім, алдын-ала ақпарат бойынша, ертеңге шегерілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Ғарыш аппараты тиелген контейнерлер Мәскеу түбінен ұшақпен жеткізілуге тиіс. Онда жер серігі сынақ-зерттеулерден өткізілді. Ғарыш айлағына жеткізілген соң жер серігі монтаж-сынақ кешенінің 92А50 алаңында орнатылады. Жер серігін жасап шығарған ресейлік зауыттың мамандары аппаратты ол жерде ұшырылым алдындағы дайындықтан өткізеді.

Ал жұма күні «Протон-К» зымыран тасығыштың блоктары тиелген вагондар ғарыш айлағына келеді деп күтілуде. Блоктар 92-1 санды алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, құрастырылып, зымыранның жүйелері тексеріледі. Ал «Протон-К» зымыран тасығышының бірінші сатысының блоктары 19-сәуірде ғарыш айлағына жеткізілді.

«KazSat» жер серігін ұшыру мерзімі 8-маусымға межеленген.

Перейти к новостям спорта