«Терминалмен жыл сайын 500 мың тонна астық айналады деп күтілуде. Бұл оны тек Қазақстанның астығын Әзербайжанға тасымалдау мақсатында ғана емес, сонымен бірге транзитті тасымалдау мақсатында да пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ мен Әзербайжанның бір компаниясы бірлескен кәсіпорын құрылды»,- деп хабарлады үкіметтегі ақпарат көзі.
Терминал құны 10-20 млн. долларға бағаланып отыр.
Әзербайжан жылына 3 млн. тонна астық тұтынады. Оның 1 млн. тоннасы импортталады.