Агенттік мәліметіне сәйкес, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөністер бағасы — 2,9%-ға (картоп — 5,4%-ға, жаңа піскен жемістер — 2,2%-ға, көкөністер — 2%-ға) өсті. Қант 1,1%-ға қымбаттады. Нан өнімдері мен жарма өнімдері бағасының өсімі — 0,6%, жарма бағасының өсімі — 1,6%, тоқаш және ұн кондитерлік өнімдер бағасының өсімі — 0,9%, нан бағасының өсімі — 0,4%, ұн бағасының өсімі — 0,3% құрады. Жылқы етінің бағасы — 1,6%-ға, қой етінің бағасы — 0,8%-ға, сиыр етінің бағасы — 0,6%-ға, шұжық және еттен жасалған басқа өнімдер бағасы — 0,5%-ға өсті. Құс еті бағасының төмендеуі — 3,4%, шошқа еті бағасының төмендеуі — 0,4% байқалды. Сүт өнімдері 0,9%-ға, жұмыртқа- 2,7%-ға арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар ішінде киім мен аяқ киімнің бағасы 0,8%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың бағасы — 0,4%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы — 0,3%-ға өсті. Жанармайдың бағасы — 0,8%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу 0,7%-ға, газбен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу — 4,5%-ға, қоқыс жинау қызметтеріне ақы төлеу- 2,9%-ға, тұрғын үйді ұстау қызметтеріне ақы төлеу — 1,3%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы — 1,3%-ға, мәдениет және демалыс мекемелері қызметтерінің бағасы — 1,2%-ға, мейрамхана және қонақ үй қызметтерінің бағасы — 1%-ға, білім беру қызметтерінің бағасы — 0,3%-ға өсті. Жолаушылар көлігінде жол жүру бағасының өсімі 0,2% құрады.