Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр

Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Мамыр 2006
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың маусым айында Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутникті жасау бағытында Қазақстанмен бірлесе жұмыс істейтін компанияның аты-жөні жария етіледі. Ол екі жылдан кейін жасап шығарылады»,- деді бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов.

«Каспий теңізінің елімізге қарасты бөлігінде 3Д сейсмикалық зерттеулерін жүргізу үшін 2 млрд. доллар қажет. Ғарыш бұл істі анағұрлым аз шығынмен іске асыруға мүмкіндік береді»,- деді үкімет басшысы.

«Ағымдағы жылдың екінші жартысында-ақ біз Ресейдің немесе АҚШ-тың ғарыштық мүмкіндіктерін пайдаланып тиісті бағдарламалары бар жетекші ғалымдармен тиісті келісімдерге қол қойып, Каспий теңізінің кейбір аса маңызды бөліктерінде тиісті зерттеулерді жүзеге асырамыз»,- деді Д.Ахметов.

Перейти к новостям спорта