Малайзия қаржы, энергетика және туризм саласында Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия қаржы, энергетика және туризм саласында Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі

Малайзия қаржы, энергетика және туризм саласында Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі

ШЫМКЕНТ. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Малайзия парламентінің спикері энергетика және туризм саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату қызығушылық тудырады деп пайымдайды. Бұл туралы ол кеше Оңтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2006
  • 684
Фото - Caravan.kz

“Мен бірінші кезекте банк жүйесіне назар аудардым. Қаржы секторымен байланыс орнату тиімді деп санаймын. Екіншіден, біздің жылу энергетикалық станциялар мен мұнайгаз саласын дамытудағы тәжірибеміз осында әжетке жарайды. Құрылыс, білім беру және туризм салалары да баса назар аударуды талап етеді”,- деді Малайзия парламенті өкілдер палатасының төрағасы Тан Шри Дато’ Сери ДиРаджа Рамли Нга Талиба.

10 адамнан құралған Малайзия өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында жүр. Сапар мақсаты – Қазақстанның оңтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу, етене жақын ынтымақтастық орнату және инвестиция тарту болып табылады.
Кеше өкілдер облыс әкімі Болат Жылқышиевпен кездесіп, “Ютекс” АҚ-ның тоқыма кәсіпорны мен облыстық мұражайда болды. Бүгін қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының қасиетті орындарын аралауға шықты.

Статистикалық агенттік мәліметтеріне сәйкес, Малайзия мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 2005-жылы импорт бойынша 2 млн. 474 мың долларды құрады. Өсімдік және мал майы, дәрі-дәрмек, киім, түрлі насостар, есептеу машиналары мен жиҺаз импортталды.

Перейти к новостям спорта