Әңгіме барысында экология және үлестік құрылыс салаларындағы заң шығару қызметі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ аймақтық даму, ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру және ауылдық туризмді дамытудың нақты мәселелері қаралды.
Үкімет басшысы депутаттар көтеріп отырған проблемалардың өзектілігін атап өте отырып, олар тиісті шешімдер қабылдау үшін жан-жақты қаралатынын айтты.