“Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі екі деңгейден тұрады”,- деді ол.
“Бірінші сатысында техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша жеңіл кәсіби мамандық игеру керек. Негізгі жалпы білім беру базасында оқу мерзімі 2 жыл болмақ. Оқу аяқталған соң кәсіби деңгейіне қарай квалификация беріледі. Екінші сатысындағы оқу мерзімі 3 жылдан кем болмауға тиіс. Бұл сатыда мейлінше күрделі мамандықтар мен жоғары технологияларға қатысты тәжірибелік машықтану мақсат”.
ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде 312 кәсіби мектеп техникалық мамандар дайындаумен шұғылданады. Оларда 105 мың адам оқиды. Республикамыздағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіби жұмысшылар мен техникалық мамандық иелеріне деген сұранысы өткен жылы 107 мың адамды құрады.