Республика үкімет басшысы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге аттанады

Республика үкімет басшысы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге аттанады

АСТАНА. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін кешке қарай ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге аттанады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Мамыр 2006
  • 561
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-мамырда Тәжікстан астанасы Душанбеде ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Алдағы отырыстың күн тәртібіне 25 мәселе қамтылған. ТМД сыртқы істер министрлері мен ТМД экономикалық кеңесі келіскен 15 мәселе бойынша құжаттар жобасы үкімет басшыларына талқылаусыз қол қоюға ұсынылады.

Үкімет басшылары үш тұжырымдамаға қол қоюмен бірге “Ресей мемлекеттік кітапханасы” федералдық мемлекеттік мекемесіне ТМД-ға қатысушы елдердің кітапхана ісі саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі базалық ұйым мәртебесін беру туралы және профессор Н.Жуковскийдің атындағы Әскери-әуе күштерінің инженерлік академиясына ТМД елдері бойынша қарулы күштерге арналған метролог-мамандарды дайындаушы базалық ұйым мәртебесін беру жөніндегі құжаттарға қол қойылады. ТМД үкімет басшылары кеңестің кезекті отырысын өткізу мерзімі, үкімет басшылары кеңесінің төрағасы мен атқарушы хатшының орынбасарлары туралы мәселелерді талқылайды.

Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшылары, Ресей, Өзбекстан және Украинаның вице-премьерлері мен Түрікменстанның елшісі қатысады.

25-мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларды тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қабылдайды.

Перейти к новостям спорта