Қол қойылған құжаттар ТМД мемлекет басшыларының қол қоюына ұсынылады. “Біз осы проблемаларды бірінші кезекте шешуді қолдаймыз”, деді РФ бас прокуроры Владимир Устинов лаңкестікпен күрес туралы келісім жайында.
Беларусь бас прокуроры Петр Миклашевич қол қойылған келісім ТМД бас прокурорларына өзара ақпарат алмасуға және Достастық елдерінің аумағында лаңкестік әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ТМД бас прокурорларының кезекті бас қосуы жаздың аяғында Тәжікстанда өтеді деп белгіленді.