“Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейтуге бағытталған жоқ - Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазына” қорын құру  мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейтуге бағытталған жоқ  - Келімбетов

“Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейтуге бағытталған жоқ - Келімбетов

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. “Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеушілік ролін күшейтуге бағытталған жоқ. Бұл туралы бүгін даму институттарының Еуразиялық форумында сөз сөйлеген “Қазына” тұрақты даму қорының басшысы Қайрат Келімбетов атап көрсетті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2006
  • 500
Фото - Caravan.kz

“Қор мен даму институттары әлеуметтік-экономикалық айрықша маңызды жобаларға ғана атсалысады, даму институттары бизнеспен бәсекелеспейді”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі бизнесті дамыту мен бизнес-бастамаларды қолдауға жағдай жасауға бағытталады. Қор мен даму институттары жағдайды жақсартуға және артықша тиімділікке қол жеткізуге болатын қызмет түрлеріне ғана күшін шоғырландырады”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі жеке меншік сала үшін ақпараттық дабыл беруге бағытталатын болады. Бұл экономикалық қызметтің жаңа салаларын құру арқылы жүзеге асырылады”,- деді Қ.Келімбетов.

Перейти к новостям спорта