Үкімет басшысы ғимараттағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі, кеңсе және техникалық бөлмелердің техникалық жағдайы туралы хабарламамен танысты. Төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов мәлім еткендей, ауа алмастыру жүйесі едәуір бүлінсе, тоқсаты жүйелеріне көп ақау келмеген. Ғимараттағы телефон жүйесі мен сумен қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істеп тұр. Жалпы алғанда «Транспорт Тауэрде» жүзге жуық кабинет бүлінген, бірақ оның басым бөлігіне өртті сөндіру кезінде қолданылған су зиян келтірген. Өрт сөндіргіштің автоматты жүйесі дұрыс жұмыс істеген, деп есептейді төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары.
Бұл ғимаратты тұрғызған «Базис А» құрылыс компаниясы да ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарымен қосымша айналысады. Алайда, бұл істі аса сақтықпен жүргізу керек, деп атап көрсетті Даниал Ахметов. Ол сондай-ақ «Бұл жағдай басқа да жаңа құрылыс нысандарында орын алмас үшін» осы мәселеге тыңғылықты талдау жүргізуді міндеттеді. Тағы бір тапсырма – еліміз бойынша өрт сөндіру жүйесіне дайындыққа тексеріс жүргізу міндеттелді.